Алматыда 30 және 31 қаңтарда жолдардың бір бөлігі жабылады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, заведенные дела, дело, полицейский, показание, показания, заявление, заявления, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 09:53 Фото: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасады. Оған сәйкес, 2025 жылдың 30-31 қаңтарында халықаралық шара кезінде қалада көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:

  • Майлин көшесі,
  • Құлжа тас жолы,
  • Бұқтырма көшесі,
  • ШААЖ,
  • Әл-Фараби даңғылы,
  • Сейфуллин даңғылы,
  • Достық даңғылы,
  • Жароков көшесі.
"Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады." Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында "Атакент" қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтетіні бұрын хабарланған болатын.

Ал ауа райына келетін болсақ, бұл күндері қалада аздап суытып, қар жауады деп күтілуде. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: