Алматыда 89 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Насилие над детьми, дети, физическое насилие, ребенок , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 13:46 Фото: freepik
Алматыда балаларының түнгі уақытта сыртта жүргені үшін 89 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың 27-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында ПД-ның қызметтері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен "Жасөспірім және Заң" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

"Іс-шараның екі күнінің ішінде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 128 жасөспірім жеткізілді, оның 89-ы түнгі уақытта. Қараусыз және панасыз қалған 14 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар 14 кәмелетке толмаған құқық бұзушы мен 16 тұрмысы нашар отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ полицияда, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылып жатқанын айтты. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында 98 дәріс пен семинарлар өткізілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: