Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 18:00 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
2025 жылғы 30 қаңтарда Әсет Нүсіпов Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

1983 жылы Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Иллинойс технологиялық институтын (АҚШ) бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында "Ұлттық инновациялық қор" АҚ менеджері болып бастаған.

2006 жылдан 2008 жылға дейін Flagship Ventures венчурлық капитал фирмасының Венчурлық жобаларды қаржыландыру департаментінде (АҚШ), Вашингтон қ. (АҚШ) Small Enterprise Assistance Funds халықаралық инвестициялық фирмасында тағылымдамадан өтті.

2008 жылдан 2010 жылға дейін "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ жобалық менеджері, Дүниежүзілік банкіндегі Орталық Азиядағы өкілдігінің консультанты, Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі өкілдігінің консультанты, "Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы" ЖМ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2010–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы, сектор меңгерушісі;

2015–2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі;

2021–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өзекті қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: