Алматыда көлік кептелісі 9 балға жетті

Алматыда көлік кептелісі 9 балға жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 19:09 Сурет: Zakon.kz
Алматы көшелерінде ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. 2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 18:58-дегі көлік кептелісі 9 балға жетті. Бұған қардың жаууы себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңертең қалада қар жауа бастады. Әкімдіктің хабарлауынша, 1 ақпанға қараған түнге дейін жауын-шашын жауады. "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша жауын-шашын мөлшері 8-9 мм жетуі мүмкін.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына жолда абай болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеру ескертілді. 

Сонымен қатар Алматы халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: