Павлодарда тал түсте зейнеткерді тонап кетті

Павлодарда тал түсте зейнеткерді тонап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 20:07 Сурет: pixabay
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Академик Сәтбаев көшесі 243-ші үйдің кіреберісінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, ейнеткер кіреберісте ер адаммен бірге еш күдіксіз лифтке кірген. Ал бірнеше секундтан кейін қасындағы адам қолындағы пакетті жұлып алып, жүгіріп шыққан. 

"Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Қылмыскер 190 мың теңге болған әмияны бар пакетті қолды қылған. Тонау сәті кіреберісте орнатылған қауіпсіздік камераларына түсіп қалды. Жәбірленуші бірден полицияға қоңырау шалды", - деп хабарлады департамент.

Шақырту орнына келген полиция қызметкерлері облыс орталығын пысықтау кезінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты. 

Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіден қаладан шықпау туралы қолхат алынған. 

 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: