Енді елордадағы мешіттердің бірінің тұрағы әр жұма сайын уақытша жабылады

"Әл-Фаттах" мешітінің жанындағы Әйтеке би көшесі жағында орналасқан автотұрақ (М.Нәрікбаев көшесі, 7) 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап әр жұма сайын сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік ақпаратынша, шектеу осы учаскенің көрсетілген аралықта жүктеменің жоғары болуына байланысты енгізіледі және қозғалыстың барлық қатысушысы үшін қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Ал балама нұсқа ретінде Green Garden (Баян сұлу көшесі тұсы), Eva (Баян сұлу және М. Нәрікбаев көшелерінің бойында), Ерке (М.Нәрікбаев және Әйтеке би көшелерінің бойында), Аркада (Әйтеке би көшесінің бойында) тұрғын үй кешендерінің жанында орналасқан тұрақтарды пайдалануға болады.
Бұған дейін Орал көшесінде зейнеткердің басына кірпіш құлап мерт болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript