Ақтөбеде иесіз қалған тазы мен алабай ит көбейген

Тазы, казахская порода, собака , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 09:13 Фото: unsplash
Ақтөбеде иесіз жүрген асыл тұқымды иттер көбейген. Оларды иелері керек қылмай, көшеге шығарып жіберуде. Қазірдің өзінде үй жануарларын уақытша ұстау орнында осындай 10-ға жуық төбет пен тазы бар.

Бұған дейін көбі ұрықсыздандырылып, сырға салынған соң бостандыққа жіберілген. Қазақы ит тұқымының жанашырлары таза қанды тазыларды далаға тастамаудың жолдары қарастырылса, дейді.

Қала тұрғындарының бірі асыл тұқымды тазының өзін керек қылмаған. Сондықтан ит ұстайтын орталықтарға әкеліп тастаған. Енді мамандар мұнда екі апта ұстап, ешкім алып кетпесе, бостандыққа жібереді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл орталыққа бір мезгілде 70 итке дейін қамалады. Осында 12 күн тұрады. Осы аралықта құлағына сырға салынып, ұрықсыздандырылып, ауланған жеріне қайта жіберіледі. Мамандардың айтуынша, соңғы кездері алабай, төбет тұқымды иттерді керек қылмай, аулаққа апарып тастайтындар көбейген. Оған ит төбелестіруге тыйым салынғаны да себеп болып отыр екен.

Соңғы бір жыл ішінде өңірде 13 мыңнан аса бұралқы ит ауланған. Оның қаншасы асыл тұқымды екенін мамандар дөп басып айта алмады. Өйткені арнайы есеп жүргізілмейді. Сондықтан иесі бар иттер есепке алынып, оларға арнайы чип тағылып жатыр. Биыл иесіз жануарларды аулап, уақытша ұстауға және ұрықсыздандыру жұмыстарына 100 миллион теңге бөлінді. Ит аулайтын 10 бригада жұмыс істейді.

"Енді, міне, алайбаларды қарасаңызшы, түрінің өзі қорқынышты. Кішкентай балаларға тіптен қорқынышты. Заң бойынша біз қоршаған ортаға, өзінің ортасына қайта жіберуіміз керек қой. Бізде қанша жіберілгені туралы ақпарат жоқ. Бірақ сол иттер қайта келіп түсіп жатыр. Демек, қоршаған ортаға зиян келтіріп тұр ғой." Бердімұрат Бекжанов, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Иесіз жүрген иттерді аулауға қатысты тәулігіне 30-40 өтініш түседі. Тұрғындар, әсіресе, иесіз жүрген алабай, неміс төбеті секілді иттерден қорқады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: