Орталық стадиондағы тарсылдаған дыбыстар алматылықтарды шошытты

Орталық стадиондағы тарсылдаған дыбыстар алматылықтарды шошытты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 22:22 Сурет: dss-almaty.kz
2025 жылғы 25 ақпанда Қазнетте Алматыдағы Орталық стадион маңында қатты дыбыстар шыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратқа қатысты Zakon.kz тілшісіне Алматының спорт ғимараттары дирекциясы түсінік берді.

"Орталық стадионда фильм түсіріліп жатқан, оның барысында арнайы эффектілер қолданылды. Барлық жұмыс қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілді", - деп хабарлады дирекция.

Сонымен бірге дирекция стадион қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: