Оралда жас жігіттің қалтасынан ерекше иісі бар өсімдік тектес затты тапты

Оралда есірткі заттарының заңсыз айналымы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 18:50 Сурет: polisia.kz
Орал жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі заттарының заңсыз айналымының фактісін анықтап, оның жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті бақылау барысында ЖБО инспекторы көпқабатты үйдің ауласында күдік тудырған адамдарды байқады.

Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы азаматты ұстады, оның қалтасынан ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Заңнамаға сәйкес, осындай қылмыстар үшін 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: