Алматыда АҚШ-тан есірткінің ірі партиясын алған ер адам ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агнеттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің нақтылауынша, АҚШ-тан пошта арқылы жөнелтілген затты алған Алматы қаласының тұрғыны жалпы салмағы 866 грамм болатын "марихуана" есірткісімен ұсталды.
"Ұсталған азаматтың пәтерін тінту кезінде есірткі заттары, 5 дана электронды таразы, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға және орауға арналған құрылғылар тәркіленді. Ұсталған азаматтың Telegram мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқаны анықталды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript