Ақтөбеде жарты жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Қаңтар айында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері тұрғынды тонап, құзырлы органдардан жарты жылдан астам уақыт жасырынып жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 2024 жылғы маусым айында көшеде Ақтөбе тұрғынының телефонын тартып алып, қашып кеткен.
Полиция жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде 49 жастағы ер азаматты анықтап, мемлекетаралық іздеуге жариялады.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жуырда ер адам Ақтөбе қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript