Түркістан облысында полиция халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады

Келес ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында үш жылдан астам халықаралық іздеуде жүрген 60 жастағы ер адамды ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 14:43 Сурет: ҚР ІІМ
Келес ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында үш жылдан астам халықаралық іздеуде жүрген 60 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел уәкілдер тиянақты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде іздеуде жүрген қылмыскерді Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты.

Күдікті 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуге берілген.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тергеу барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бар екені толық дәлелденіп, жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: