Қазақстанда іздеуде жүрген екі адам Ресейде ұсталды

Қазақстанда іздеуде жүрген екі адам Ресейде ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2025 11:15 Сурет: polisia.kz
ІІМ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасап, іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтап және оларды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәскеуде 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол 2024 жылғы сәуір-қазан айлары аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан қымбат смартфондарды сату сылтауымен алып, кейін ізін суытқан. Осылайша ол жеті адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты.

Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың долларды құрады.

"2025 жылдың басынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер табылды. Біздің еліміздің аумағында басқа елдердің құзыретті органдары үшін 44 қылмыскер ұсталды", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: