Ақтауда көшенің қақ ортасында мектеп оқушылары төбелесті

Ақтауда полиция көшенің қақ ортасында төбелескен мектеп оқушыларын анықтады. Төбелеске екі адам қатысса, тағы біреуі телефонына түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Ақтауда, 3-шағынауданындағы 57-үй маңында болған. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.
Ақтау полиция қызметкерлері балалардың жеке басын анықтап, ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша хаттама толтырды.
Сонымен қатар осы оқиғаны ұялы телефонға түсірген жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларын қадағалауға және олардың тәртібіне назар аударуға шақырады. Мұндай жағдайлар қоғамда теріс әсер тудыратынын ескере отырып, ата-аналарға балаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізу маңызды", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript