Шымкентте жалаңаш ер кісі көшенің қақ ортасында шомылған
Сурет: видео скрині
Шымкентте орта жастағы ер адам көшенің қақ ортасында шомылған. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыштан ағып тұрған суға жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ер адамның кім екенін анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.
Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript