Жабдықталмаған жерде шомылған ер адам суға батып кетті

20 маусымда Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің анықтауынша, ер азамат достарымен бірге су қоймасына келіп, орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты.
"Тыйым салынған белгілер - адамдардың қауіпсіздік шарасын сақтауы үшін берілген ақпарат. Олар күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқ екені туралы хабарлайды", - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
ТЖД судағы жүріс-тұрыс ережелерін еске салды. Демалушылар мына жайттарға жол бермеуі қажет:
- шомылуға рұқсат етілмеген су айдынын таңдамаңыз;
- қандай жағдайда да мас күйде суға түспеңіз;
- қайықтардан, айлақтардан, тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда суға секіру қауіпті;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
- ересектердің қарауынсыз балаларға суға түсуге тыйым салынады;
- тәуекелге бармаңыз және өз күшіңізді асыра бағалап, алысқа жүзбеңіз.
- Төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript