Алина Дауранова конькимен жүгіруден Қазақстанға Әлем кубогының үшінші жүлдесін әкелді

Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден Италияның Коллальбо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үшінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жолы спортшы 500 метр қашықтықта екінші орын алды. Алтын медальды венгриялық Ханна Биро жеңіп алса, үздік үштікті италиялық Мэйбрит Вигль түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Дауранова 1000 метр қашықтықта және командалық спринтте алтын иеленген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript