Конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде отандық спортшы күміс медаль еншіледі

Кристина Шумекова, Қытай, Бейжің, конькимен жүгіру, Қазақстан, әлем кубогының алғашқы кезеңі, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 17:31 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз "А" дивизионында 1000 метр қашықтықтағы жарыста жүлдеге ие болды.

Кристина Шумекова бұл қашықтықты 1 минут 15,64 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын алды.

Нидерланд өкілі Ангел Далеман (1:14.07) бірінші орынды иеленді. Ал үздік үштікті Польша спортшысы Виктория Дабровска (1:15.85) түйіндеді.

Осылайша, Кристина Шумекова Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Бұған дейін Сенегалда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында боксшы Бибарыс Әшірбай да күміс медаль иеленген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: