Конькимен жүгіруден Надежда Морозова әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Конькимен жүгіруден Надежда Морозова әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2025 21:31 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Морозова бұл қашықтықты 1:54.98 уақыт көрсеткішімен еңсерді.

Бірінші орынды жапониялық Михо Такаги иеленді - 1:54.95. Қола жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды - 1:55.18.

Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева сегізінші нәтиже көрсетті - 1:56.84.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: