Қазақстандық семсерлесуші әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

Қазақстандық семсерлесуші, Кирилл Проходов, әлем кубогы кезеңі, алтын медаль, , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2025 10:29 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.

Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Бұған дейін бокстан Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: