Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды
Сурет: olympic.kz
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалда ел құрамасынан 54 келі салмақтағы Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездесті.
Алғашқы раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісіне қолдаса, қалғаны ресейлік боксшының басым түскенін мойындады.
Екінші раундта ол қарсыласынан 5:0 есебімен жеңіске жетті. Соңғы раундта да Сәкен қарсыласынан күштірек болды. Осылайша, ол екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Ол қазірге дейін Факи Исса Факи (Танзания), Катего Кеорапетсе (Ботсвана), замбиялық Муенго Муале сияқты қарсыластарын жеңді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript