Боксшы Сәкен Бибосынов Спартакиада жеңімпазы атанды
Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Сәкен Бибосынов Санжар Тәшкенбайды жеңіп, спартакиада жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz .
51 келіге дейінгі салмақта финалда ол өзінің негізгі қарсыласы Санжар Тәшкенбайды төрешілер шешімімен жеңді, деп жазды Sportarena.
"Мен мықты боксшы екенімді дәлелдедім. Санжар да жақсы боксшы, бірақ ол жекпе-жекке дайын емес еді. Біз рингте қарсыласпыз, бірақ өмірде дос, бауырмыз. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның туын биікке көтеру. Алда Париж Олимпиадасына лицензия алуды көздеп отырмын. Қазірдің өзінде "қола" медалім бар", - деді Бибосынов жекпе-жектен кейін.
Ол қазір "алтынды" мақсат етіп отырғанын айтып, жанкүйерлерінен қолдау сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript