Қазақстан құрамасы семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғабиден Мұстафин Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1/16 финалда қазақстандық спортшы ресейлік Глеб Колобниковты 15:12 есебімен жеңді. Кейін Халис Елиболды (Түркия) да 15:12 есебімен ұтты.
Ширек финалда Ғабиден ресейлік Георгий Хамицаевтан 15:14 есебімен басым түсті.
Алайда, жартылай финалда Мұстафин ресейлік Никита Горинге 12:15 есебімен есе жіберіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript