Петропавлда тұрғындарға су жүйесіндегі уақытша кідірістер жайлы ескертілді

"Қызылжар су" қызметкерлері Петропавлды сумен жабдықтау уақытша тоқтатылатынын ескертті. Бұған дейін 3 ақпанға жоспарланған суды өшіру, 4 ақпанға ауыстырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавловск.news дерегінше, қалада НС-1 бірінші көтеру сорғы станциясын қайта құру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
"Петропавлда сумен жабдықтау жүйесіндегі уақытша кідірістер 4 ақпанда сағат 22:00-ден 5 ақпан сағат 22:00-ге дейін болады", - деп мәлімдеді "Қызылжар су" ЖШС.
Тұрғындарға алдын-ала су қорын жинауға кеңес беріледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін су беру қайта басталады.
Бұған дейін Мысырда хайуанаттар бағындағы арыстан күзетшіні талап өлтіргені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз