Көкшетау тұрғындарына су сапасы нашарлайтыны ескертілді

Су, Көкшетау, су сапасы, нашарлау, ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2025 11:34 Сурет: freepik
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты көкшетаулықтар уақытша сапасы төмен суды пайдалана тұруға мәжбүр болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Көкшетау Су Арнасы" өкілдері ескерту жариялады.

2025 жылы 21 наурызда Қаратал және Саумкөл ауылдары арасындағы Көкшетау топтық су құбыры учаскесінде авариялық жағдай орын алды.

"Қазіргі уақытта зақымдануды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.Осыған байланысты Сергеев су қоймасынан Көкшетау қаласына су беру шектеледі. Сумен жабдықтау уақытша Чаглин су қоймасынан жүзеге асырылады, бұл ауыз су сапасының біршама нашарлауына әкелуі мүмкін. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Көкшетауда кәсіпкер әкімнің үстінен сотқа шағымданғанын, істі қарау барысында ЖШС-і мен әкім арасындағы дау медиация тәртібімен реттелгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: