Ақылы жолдардан түсетін 100 млрд пайда: Қарабаев қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты

Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылғы 4 ақпанда Үкімет отырысында ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігі құрылыс жұмыстары үшін алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, жолдарды нормативтік күтіп ұстаудың маңызды құрамдас бөлігі қаржыландыруды қамтамасыз ету болып табылады.
"Бюджетке түсетін жүктемені азайту және өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында қайта құру және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жолдың мәртебесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасуда. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша ұзындығы 3 мың 200 шақырым болатын ақылы жол жүйесі жұмыс істейді. 2024 жылғы табыс 48 млрд теңгені құрады", – деді министр.
Ол ағымдағы жылы қосымша 4 мың шақырым ақылы учаске енгізілетінін, оның табысы 60 млрд теңгені құрайтынын, ал келесі жылы жалпы пайда 100 млрд теңгеге жетуі мүмкін екенін атап өтті.
"Бұл ретте ақылы жолдардан алынған қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстары үшін алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылуда", – деді Қарабаев.
Бұған дейін "Қызылорда-Арал" тасжолы ақылы болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript