Ұлттық банк қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескерту жасады

Ұлттық банк құнды заттарды инкассациялау қызметін ұсынатын компаниялардың түрлі интернет-ресурстарда жарияланатын хабарламаларына сақ болу керек екенін ескертті. Себебі олардың арасында тиісті ҚҰБ лицензиясы жоқ компаниялар да кезігіп жатады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, өзге ұйымға берілген ҚҰБ лицензиясының реквизиттерін заңсыз пайдаланып жүргендер бар. Сондай деректің бірі өзін "Brinks" инкассация қызметі" ЖШС деп атайтын ұйым сайтында (оны шетелдік The Brink's Company инкассаторлық компаниясымен шатастыруға болмайды) орналастырылған. Сол арқылы бұл компания өз қызметінің заңды екенін көрсетуге тырысқан.
"Осындай ұйымдармен шарт жасасып, оларға құнды заттарды инкассацияға беру – тәуекелі жоғары іс. ҚҰБ азаматтар мен заңды тұлғаларды сақ болуға және инкассация бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың қызметін пайдалануға шақырады", - делінген хабарламада.
Белгілі бір ұйымда лицензияның бар-жоғын тексеру үшін ҚҰБ сайтында орналастырылған тиісті лицензиясы бар ұйымдардың ресми тізілімімен танысу қажет.
"Қандай да бір алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 нөмірі арқылы ҚҰБ Байланыс орталығына хабарласуға болады".Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript