Ақтауда екі ер адамның өлімі тергеліп жатыр

4 ақпан күні күндіз Ақтауда тұрғын үйде пәтерлердің бірінен дене жарақатын алған ер адам табылды. Оқиға орнына жеткен бірінші полиция тобы жәбірленушінің алған жарақатынан қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada порталының хабарлауынша, тәртіп сақшылары дер кезінде тергеу жұмыстарын бастап, күдіктіні іздеуге кіріскен. 30 минут ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтауға, сондай-ақ оның қалада қайда жүргенін қадағалауға мүмкіндік туған.
Полицейлер оның тұрғылықты жерін анықтап, сол мекенжайға жеткен. Алайда олар сол жерде оның өлі күйінде тапты. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
"Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript