Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтауда апатқа ұшырамас бұрын траекториясын ретсіз өзгерткен

Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтауда апатқа ұшырамас бұрын траекториясын ретсіз өзгерткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 22:01 Сурет: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Сарапшылар Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағы оқиғаға дейін ұшу бағытын ретсіз өзгерткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеудің алдын ала есебі бойынша, ұшақ бірден жоғары көтеріліп, бірден төмен құлдилаған.

"Шамамен 11:21-де біз ұшу бағытын (кенеттен көтерілу/төмен түсу) ретсіз өзгерткен ұшақты байқадық", - делінген құжатта.

ҚР Көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала есебін жариялады.

Тергеу комиссиясы ұшақтың артқы бөлігінен көптеген шұрық тесікті анықтаған. Бұған қоса, сол жақ мотор мен сол жақ қанаты да бүлінген. Кейбір тесік сырттан ұшып келген заттардан болған. 

Azerbaijan Airlines ұшағынан табылған бөгде заттардың суреттері тарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: