Жаңа туған нәресте мен оның анасы ТЖМ тікұшағымен ауруханаға жеткізілді

Жаңа туған нәресте мен оның анасы ТЖМ тікұшағымен ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 18:53 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына және жолдардағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты, сондай-ақ кішкентай пациенттің асқынуларын болдырмау мақсатында ТЖМ әуе кемесі жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Асхат Құдабаев пен Арман Айбусинов сәбиді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Алтай қаласынан Өскеменге шұғыл тасымалдады.

"Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы Ана мен бала орталығына аман-есен жеткізді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір жаңа туған нәресте мен оның анасы мамандардың бақылауына табысталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: