Әбілқайыр, Айлана және Әлтайыр: Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкентте үшем дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 20:20 Сурет: otyrar.kz
Шымкентте 22 жастағы әйел екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Дәрігерлер оны кесарь тілігі арқылы босандырып алған. Бір айға жуық перзентханада жатқан нәрестелер бүгін үйге шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Шымкентте жас ана дүниеге үшем алып келді. 22 жастағы келіншек 34-аптада босанды. Екі ұл мен бір қыздың қазіргі жағдайы жақсы. Шымкенттік әйел жүктілігінің де, босанудың да жеңіл өткенін айтады.

"Басында сенген жоқпын. Бірінші УЗИ-да айтты, 4-аптада білдік. Балалардың жағдайы, шүкір, жақсы бәрі, менің де жағдайым жақсы. Бәріне рақмет, өте жақсы қарады". Үшемнің анасы Жамила Ақылбек

Келіншекті дәрігерлер кесарь тілігімен босандырып алған. Нәрестелердің қазіргі салмағы - 2 770, 2 410 және 2 095 грамм. Олар бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін патология бөлімінде жатқан. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге ерекше күтім жасалған.

"Бұл кісі патология бөлімінде жатты. Мерзіміне байланысты планды түрде оперативті жолмен босанды. Жағдайлары қазіргі таңда жақсы". №2 қалалық перзентхананың акушер-гинекологы Шолпан Тастанбекова
"34-аптасында дүниеге келді. Бірінші бөпенің салмағы 2380, екіншісі 1925, үшіншісі 1860 болды. Мерзімінен ерте туылғанына байланысты жағдайы ауыр болып, жансақтау бөлімінде 5 күндей ем қабылдады. Кейін жағдайының жақсаруына байланысты патологиялар нәресте бөліміне ауыстырдық", - дейді №2 қалалық перзентхананың неонотолог-реаниматологы Сураие Шадиметова.

Бұл - Мұқановтар әулетіндегі алғашқы үшем. Баланың анасы ғана емес, барлық туысы қуанып әрі қобалжып жүр.

"Менен бақытты адам жоқ шығар. Қобалжып тұрмын. Қуаныштымын, бәріне рахмет! Қолғабыс беріп, қол ұшын созған дәрігерлерге рахмет! Барлығына бұйырсын, осындай бақыт, осындай қуаныш!" Үшемнің әкесі Ерболат Мұқан

Үшемге Әбілқайыр, Айлана және Әлтайыр есімдері берілді. Балаларға ат таңдауда жақындары ұзақ ойланыпты.

Айта кетейік, бұл - 22 жастағы жас ананың алғашқы жүктілігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: