Павлодар облысында пойыз жылқыларды қағып кетті

Павлодар облысында пойыз жылқыларды қағып кетті. Сол себепті пойыз келе жатқан стансасына 11 минутқа кешікті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 5 ақпанда Май ауданы Көктөбе – Жұмыскер стансасы учаскесінде болған.
"Пойыз теміржол бойында заңсыз жайылып жүрген үш жылқыны қағып, шұғыл тежеуге тура келді. Сол себепті пойыз жоспардан тыс 11 минутқа жуық тұрды", - деп хабарлады полиция департаменті.
Полицейлер малдың иесін тапты. Ол Май ауданындағы Саты ауылының 54 жастағы тумасы болып шықты.
Мал бағу тәртібін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы 1-бөлігі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript