Павлодар облысында 16 жастағы қызды көлік қағып кетті

Павлодар облысында 16 жастағы қызды көлік қағып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 17:42 Сурет: pixabay.com
Ақсуда 16 жастағы қызды көлік қағып кетті. Ол иық сүйегінің жабық жарақатымен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 маусымда сағат 19:11-де Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен 2008 жылы туған қыз жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

"Кезекші травматологтардың қаралуынан кейін сол жақ иық сүйегінің жоғарғы бөлігінің жабық сынуы деген диагнозы қойылды", - деп хабарлады аурухана. 

Қыз травмотологиялық бөлімшесінде ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауырлықтағы деңгейде деп бағалайды.

Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс ашты. Анықталғандай, NISSAN PRIMERA маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: