Астана - Қарағанды - Алматы автожолының үш учаскесі жабылды

Астана - Қарағанды - Алматы автожолының үш учаскесі жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2025 22:10 Сурет: Zakon.kz
Боран, екпіні күшті желдің және жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан республикалық маңызы бар Астана - Қарағанды - Алматы автожолының үш учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысы:

  • Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола облысының шекарасына дейін. 

Қарағанды облысы:

  • Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін;
  • Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жасады.

Ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  • дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
  • жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру; 
  • алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүрмеу.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: