Синоптиктер Алматы мен Қазақстанның тағы сегіз қаласының тұрғындарына кезекті рет үндеу жолдады

"Қазгидромет" РМК мамандары бүгін республиканың кейбір қалаларында атмосфералық ауаның ластануы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайдың (НМУ) болжанатынын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің хабарламасы оңтүстік астана мен еліміздің тағы сегіз қаласының тұрғындарына арналды.
"2025 жылғы 7 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның ластануы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген "Қазгидромет" сайтында жұма күні жарияланған хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның 17 өңірінде синоптиктер 2025 жылдың 7 ақпанында дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript