Қазақстанның цифрлық реформалары: инновациялар азаматтардың өмірін қалай өзгертеді

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 14:26 Фото: freepik
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) бүгін, 7 ақпанда 2024 жылы Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша қол жеткізген табыстары туралы айтып, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумында айтылған тапсырмасын еске салды:

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу керек. Оның мәні мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғандығында."

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері әзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды және түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды.

"Цифрлық трансформацияның негізгі құралдарының бірі бизнес-процестерді қайта құру болды. 1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нәтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды, бұл олардың орындалу мерзімін орта есеппен 45%-ке қысқартуға мүмкіндік берді",- делінген ақпаратта.

Бұл ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 98 процестің реинжинирингі қызмет көрсету мерзімінің 55%-ке қысқаруына әкелді. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде бұл көрсеткіш сәйкесінше 55% және 85%-ды құрады.

"Жылдың басты жетістігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру болды. БҰҰ деректеріне сәйкес, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша топ-10 елдің қатарына кіріп, цифрландыру деңгейі бойынша 193 мемлекеттің ішінде 24-ші орынды иеленді".ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Ведомство бүгінгі таңда халықтың 93%-тен астамы eGov порталы арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізе алатындығын атап өтті. Мемлекеттік қызметтердің 90,8%-і смартфондар арқылы қолжетімді. Биометриялық сәйкестендіру мен QR-қолтаңбаларды енгізу электрондық қызметтерді алу процесін жеңілдетті — бір жыл ішінде қазақстандықтар QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойды.

"Қазақстандағы цифрлық трансформация мемлекеттік қызметтерді неғұрлым қолайлы, қолжетімді және тиімді етуге бағытталған",- деп мәлімдеді министрлік.

Артынша, азаматтардың өмірін жақсартқан цифрлық шешімдердің мысалдары:

  • Сандық әскери билет қағаз құжаттарын толығымен ауыстырды.
  • Балабақшаларға онлайн тіркелу ваучерлік қаржыландыру жүйесінің арқасында процесті ашық етті.
  • "Еуропалық хаттаманы" енгізу сақтандыру төлемдерін алу мерзімін 40 күннен 5 күнге дейін қысқартып, полицияның қатысуынсыз ЖКА ресімдеуге мүмкіндік берді.
  • Атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру азаматтарға қаржылық жүктемені азайта отырып, жеке сот орындаушыларының қатысуын болдырмады.
  • Цифрландыру балабақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындары мен жатақханаларға түсуді жеңілдетті, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және тіркеу қызметтеріндегі процестерді оңтайландырды.
"2025 жылы 44 мемлекеттік қызметтің мерзімін қысқарту, 20 мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыру, сондай-ақ 35 мемлекеттік қызметті трансформациялау жоспарланған".ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Цифрлық трансформацияның нәтижелері бүгінде миллиондаған қазақстандықтар үшін айқын.

"Әрбір жоба мемлекеттік қызметтердің ыңғайлылығын, ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Цифрландыру деңгейін арттыру білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсартады, оларды ыңғайлы және әділ етеді. Қазір көптеген мемлекеттік қызмет онлайн-форматта, кезексіз және қосымша бюрократиялық рәсімдерсіз қолжетімді",- деп қорытындылады министрлік.

Бұған дейін Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: