Жаңалықтар тізбегі
0

Кселл, Тele2, Altel, Beeline-ға қатысты тергеу басталды. Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

Тергеу, Кселл, Тele2, Altel, Beeline, Цифрлық даму министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 18:19 Сурет: unsplash
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) байланыс тарифтерінің өсіміне қатысты тергеуге ат салысуға дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің 2023 жылы 27 желтоқсандағы хабарламасында соңғы уақытта ұялы байланыс операторларының тариф бағаларын көтеруі қоғамда белсенді талқыланып жатқаны, ЦДИАӨМ-ге ұялы байланыс операторларының тарифтері бағасының өсуіне қатысты көптеген шағым түскені айтылады. 

"Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ведомствоның жылдық қорытынды брифингісінде бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтерінің тарифтеріне қатысты мемлекеттік реттеу жойылғанын хабарлады. Яғни, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Байланыс қызметтеріне тарифтерді ұялы байланыс операторлары негізделген шығындар есебінен дербес белгілейді. Сондай-ақ азаматтарға ұялы байланыс қызметтерінің бағасының өсуіне қатысы өтінішті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберу ұсынылады. Айта кетерлігі, Агенттік монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі бұзушылықты бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру аясында ғана анықтай алады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған", делінген хабарламада.

Осыған байланысты, ЦДИАӨМ тарифтердің қамбаттылығына қатысты тергеу жүргізілген жағдайда, министрлік уәкілетті орган ретінде агенттікке тиісті сараптамалық қорытынды беруге дайын екенін мәлімдейді.

Сондай-ақ БАҚ-та "соңғы жылдары операторлардың байланыс саласына құйған инвестицияларының азайғандығы" туралы ақпарат тарады.

"Мысалы, 2021 жылы инвестиция көлемі 20%-ға, ал 2022 жылы 30%-ға азайған" делінген. Алайда, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында байланыс және ақпарат саласына салынған инвестициялар көлемі 373 768 573 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі сомадан үш есеге артық". ЦДИӨМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 2023 жылдың шілдесінде Қазақстанда ұялы байланыс операторларының тамыздан бастап тарифтер бағасын көтеретіні белгілі болды. Тарифтік жоспарлар құнының өзгеруі туралы өз сайттарында тиісті хабарламаларды орналастыру арқылы "Қазақтелеком", (Activ.kz), Tele2, Alltel және Beeline хабарлады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: