Екібастұзда 18 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, запрещено курить , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 12:53 Фото: unsplash
Екібастұзда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді.

Полицейлер тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алды.

Заңсыз тауардың партиясы кейіннен сатуға арналған.

Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатуды жүзеге асырды.

Сурет: ҚР ІІМ

Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: