Әдемі әрі қорқынышты: Ақтауға оралған фламингомен атмосфералық бейне

Әдемі әрі қорқынышты: Ақтауға оралған фламингомен атмосфералық бейне, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 13:06 Сурет: Instagram/Азамат Сарсенбаев
Маңғыстау облысының блогері Азамат Сәрсенбаев қайтып келген фламингоның әсерлі бейнесімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстауға фламинго оралады", – делінген Instagram-дағы жазбада.

Бейне әрі әдемі әрі қорқынышты болып шықты. Себебі құстардың артындағы зауыттың түтіні аспанды тұмшалап қара түнекке айналдырған.

Оқырмандар бейнеге әртүрлі баға берді. Бірі ракурстың сәтті алынғанын сөз етсе, енді бірі кадрлардың ой саларлық екенін жазды. Тағы бір қауым жасанды интеллект арқылы жасалған деген пікір қалдырды.

  • Кеш болмай тұрғанда ойлану керек.
  • Бұл нағыз апат!
  • Сәтті кадр, тамаша бейне шыққан)
  • Қорқынышты
  • Мұндай емес-ау, шамасы жасанды интеллекттің туындысы
  • Табиғатты аялайық, біраз жан көріп ой түйер)

Бұған дейін Қазақстан Солтүстік Арал теңізінің экожүйесін қалай қалпына келтіруде екендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: