Танымал фотограф "тұман басқан" Алматының тұнық суреттерін көрсетті
Сурет: Instagram/dots_foto
Доценконың фотосуреттері 2025 жылдың 10 ақпанында өзінің Instagram парақшасында жарияланды.
"Тауларда әлі қар көп, бұлттар шыңдарды баяу орап, сиқырлы атмосфера жасайды. Бірнеше сәтті сурет түсірудің мүмкіндігін жіберіп алмаймын",- деп жазды ол.
Доценко қалада күндіз күн жылуы сезілетінін, қардың баяу еріп келе жатқандығын атап өтті.
"Иә, ауа жылыған сияқты. Енді біраз күтсек – жылы жел қыстың соңғы бұлттарын да жылжытады. Бірақ күннің көкжиектен шығуы керек, әзірге қыс жалғасуда. Сондай-ақ, ақпанда қар мен боран күтілуде. Менің ойымша, бұл бір жағынан жақсы-ақ, мен қыстың жалғасқанын қалаймын". Дмитрий Доценко
Оқырмандардың бір тобы, қыстан жалыққандарын айтып, тезірек жылы ауа-райын қалайтындарын жеткізсе, енді бірі фотографтың айтқандарын қолдап, қыстың ұзағырақ болғанын қалайтындарын айтты.
Сондай-ақ, көпшілік соңғы уақытта қала қою түтіннен көрінбейтінін айтып, Доценкодан мұндай тұнық кадрларды қайдан түсіргенін сұрады. Оған фотограф: "Мұнда түрлі уақыттардың суреттері бар, әсіресе, таң шапағында түсіремін" деп жауап берді.
Бұған дейін балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланатындығы хабарланған болатын.