Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, садики, дети, няни, няня, детсад, детсады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 12:54 Фото: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен "білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ҚР Білім Министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болатынына толықтыру енгізілді.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, 2024 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібін айқындайтын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: