Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиар анықталды
Фото: pixabay
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 5 маусымдағы қаулысымен "атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиарды айқындау туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Атом энергиясы Агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып белгіленсін", – делінген құжатта.
Қаулы 2026 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиар болып айқындалған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript