Көлік министрлігі техникалық байқау операторларының жұмысына рұқсат береді
Фото: pexels
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы қаулысымен ҚР Көлік министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, ереже министрліктің жаңа функцияларымен толықтырылды:
- Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық байқау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Нормативтік құқықтық актіні бекіту;
- техникалық байқау операторларының қызметіне рұқсат беру.
Қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript