Алматыдағы №30 мектеп-гимназия күрделі жөндеу үшін жабылады

Алматыдағы №30 мектеп-гимназия жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 17:20 Сурет: Zakon.kz
Алматыда республикалық мектептерді жаңарту жобасы аясында №30 мектеп-гимназиясы жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы білім басқармасының хабарлауынша, Оқу-ағарту министрлігі мектептерді жаңарту бойынша бірыңғай жоспарды бекітті. Медеу ауданында 46 жыл бұрын салынған №30 мектеп-гимназиясы ашылғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінде реконструкциялау жұмыстарын бастау үшін барлық дайындық шарасы аяқталды, мердігер компания таңдалды.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың наурыз айында басталады. 2026-2027 оқу жылына дейін оқушыларға жайлы жағдай жасау жоспарланып отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарын бастау туралы түпкілікті шешім қабылдамас бұрын барлық білім беру үдерісіне қатысушылар мен ата-аналар алдын ала құлағдар етіледі". Алматы білім басқармасы

Қазіргі уақытта мектепте 1 067 оқушы оқиды. Білім басқармасының хабарлауынша, оқу үдерісі қалыпты режимде, сабақтар уақытылы өтіп жатыр.

Ведомство11 ақпанда Медеу ауданының білім бөлімі мен Алматының білім басқармасы өткізген жалпы мектептік ата-аналар жиналысында мектепті жаңарту жобасы туралы толық ақпарат берілгенін атап өтті.

Оқушыларға үздіксіз білім беру үшін мектеп әкімшілігі мен білім басқармасы оқушыларды Медеу ауданындағы басқа білім беру мекемелеріне бөлу туралы келісімге келді:

  • "№77 жалпы білім беретін мектеп" КММ - 414 оқушы;
  • "№ 47 жалпы білім беретін мектеп" КММ - 326 оқушы;
  • "№56 гимназия" КММ - 210 оқушы;
  • "М. Мәметова атындағы «№28 мектеп-лицейі" КММ - 117 оқушы.

Бұған қоса, оқушыларды қажет болған жағдайда оларды мектептерге автобустармен тасымалдау ұйымдастырылады.

Жаңарту жобасы аясында:

  • мектеп ғимаратының күрделі жөндеуі;
  • заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау;
  • мектеп жиһазын жаңарту; кітапхана мен асхананы жаңғырту;
  • спорт залын қайта құру;
  • қауіпсіздік жүйелерін орнату.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: