Ақтауда мүгедектігі бар баланы теңіз жағасына апарып зорлаған

Ақтауда мүгедектігі бар баланы теңіз жағасына апарып зорлаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 21:18 Сурет: видео скрині/КТК телеарнасы
Ақтауда I топтағы мүгедек баланы теңіз жағасына апарып зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қылмыс болғалы 40 күн өтсе де, ешкім ұсталған жоқ дейді жәбірленушінің анасы. Сондықтан полицейлердің жұмысына көңілі толмаған әйел облыстық прокуратураға арыз жазған. Ал зәбір көрген жасөспірімнің жүйкесі сыр беріп, ашуланшақ болып кеткен көрінеді.

"Кінәлі адамды тауып берсе, қарапайым халықтан көмек сұраймын. Өтініп сұраймын. Маған психиатр-сарапшы керек, баламның өзінен сұраса. Шын болған, анық болған затты баламның өзінен естісе. (...) Жас шамасын айта алмайды. Сақалы бар деген. Кастюм-шалбар киген, ақ джип машинада деген".Жәбірленушінің анасы Оразгүл Қонысова

Оқиға былтыр 27 желтоқсанда болған. Аялдама досын күтіп тұрған мүгедектігі баланы бейтаныс біреу көлікке отырғызып алып кеткен. Кейін қаладан шалғай жердегі теңіз жағасына апарып, көлік ішінде арам пиғылын жүзеге асырыпты. Тіпті зорланған баланы сонда қалдырып кеткен. Ес-түсін жоғалтып алған жасөспірім жолдан такси ұстап, үйіне әрең жеткен.

Сол күні полиция бөлімшесіне ұлын ертіп барған әйелдіғ арызы қабылданбапты. Екі күн өткен соң проктолог дәрігерлер "сараптама жасауға кеш қалдыңыздар" деп шығарып салған. Содан бері 40 күн өтсе де, күдікті әлі белгісіз.

Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді. Тіпті бақылау камераларын қарап, сараптама тағайындадық дейді. 

"ҚР ҚК 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерттеліп жатыр".Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: