Тәуекелге барудың қажеті жоқ: ІІМ көлік жүргізушілеріне маңызды мәлімдеме жасады

Тәуекелге барудың қажеті жоқ: ІІМ көлік жүргізушілеріне маңызды мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 19:56 Сурет: Zakon.kz
ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, ауа райының нашарлауына байланысты қазіргі уақытта алты облыстың 10 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

"Жалпы республикалық маңызы бар 1,5 мың шақырым жолда шектеулер енгізілген.

"Осыған байланысты қазіргі уақытта біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елдімекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Жолда сақ болыңыздар!" - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ертең, 14 ақпанда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасағанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: