23 тамызда сайлау учаскелері күзетіледі

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 09:47 Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Айдын Оразбаев Құрылтай депутаттарын сайлау күні полиция қызметінің қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сайлау туралы" заңға сәйкес, бұл күн құқық қорғау органдары үшін жұмыс күні болады. Осыған байланысты жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарады. Бұл туралы ол "24KZ" телеарнасының эфирінде айтты.

Оның айтуынша, әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіретін штабтар құрылды. Көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайды сыртқы бейнебақылау камералары тәулік бойы бақылауда ұстайды.

ІІМ сайлау күні әлеуметтік желілерде жалған ақпарат пен арандатушылық контент таратқандар да жауапкершілікке тартыталады деп ескертті.

"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің барынша көп саны жұмылдырылады. Соның ішінде сайлау өтетін барлық учаске күзетіледі", — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Айдын Оразбаев.

Бұған дейін шетелдегі қазақстандықтардың дауыс беруі қалай өтетіні туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: