Жетісу облысында полицейлер жоғалған 18 жылқыны тауып, иесіне қайтарды

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға жоғалған 18 бас жылқысын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
11 ақпанда Қоғалы ауылының тұрғыны полицияға малының жоғалғаны туралы арызданған. Оның айтуынша, 25 қаңтарда ол жылқыларын Көксу ауданының аумағына жайылымға жіберген, алайда бірнеше күннен кейін малын тексерген кезде олардың жоқ екенін байқаған.
Ер адам біраз уақыт өз бетінше іздеп көргенімен, нәтиже шықпаған. Тек екі апта өткен соң ғана ол полициядан көмек сұраған.
Кеш хабарлағанына қарамастан, полицейлер дереу іздестіру шараларына кіріскен.
Тәртіп сақшылары 18 жылқыны тауып, иесіне қайтарып берген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript