Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 19:16 Сурет: gov4c.kz
Полиция қызметкерлері 54 жастағы Қазақстан азаматының көрші елдің азаматтығы барын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл дерек бойынша сот ісі қаралып, нәтижесінде Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды. Сондай-ақ оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды.

Павлодарда тағы бір осындай құқық бұзушы анықталды. Ол АҚШ азаматтығын алғанын тиісті органдарға хабарламаған. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған шамамен 800 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы бола алмайды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 1 387 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардың 1 362-сі өз еркімен басқа елдің азаматтығын алғанын хабарлаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: