Әскердегі сарбазға анасы тосын сый жасады

ІІМ Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Оңғарсын Ақмұратовтың анасы Илья Сақтағанқызы баласын туған күнімен арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкенттен ұзақ жол жүріп барған ана ұлын көрген сәтте көзіне жас алды. Туған күнінде анасының жанында болғаны сарбаз үшін үлкен сый болды.
"Баламның әскери борышын абыроймен өтеп жатқанына мақтанамын. Сағынышым қойныма сыймаса да, оның ел қорғау жолындағы қадамына қолдау білдіремін. Әрбір ата-ана үшін баласының амандығы мен елге адал қызмет етуі – ең бастысы", - деді анасы толқып.
Қатардағы сарбаз Оңғарсын Ақмұратов – 9 ай бойы Отан қорғау міндетін адал атқарып келе жатқан жауынгер.
Ол маусым айында әскери қызметін аяқтап, туған жеріне, отбасына оралады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript